Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті

Каспий теңізінде іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Newsroom.kz Atameken.business сілтеме жасап хабарлайды.

Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті
Фото: жасанды интеллект

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

Бұған дейін Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткені, оның 12-сі қаза болғаны, үшеуі құтқарылғаны және тағы екі әскери қызметшіні іздеу жалғасып жатқаны хабарланған еді. (informburo.kz⁠)

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 252 әскери қызметші, 34 арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ төрт тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер