Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға кінәлілер қатаң жазаланады

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Бұл туралы Newsroom.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға кінәлілер қатаң жазаланады
Фото: Bes Media

Бозымбаевтың айтуынша, комиссия қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды. Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу басталған.

«Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді», – деді вице-премьер. 

Қазір оқиға бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қозғалған. 

Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және өзге де қажетті көмек көрсетіледі. Бозымбаев тергеу барысы мен отбасыларға қолдау көрсету жұмыстарын жеке бақылауына алғанын айтты. 

Айта кетейік, қазіргі ресми мәлімет бойынша, Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. Екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер