ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, мұндай хабарламалар — алаяқтықтың жаңа тәсілі. Қазақстанда неке бір рет тіркеледі және оның жарамдылық мерзімі болмайды. Сондықтан некені қайта тіркеу немесе «ұзарту» қажет емес. Алаяқтар жалған сілтемелер арқылы азаматтардың жеке немесе банк деректерін алуға тырысуы мүмкін.
Министрлік күмәнді сілтемелерге өтпеуге, банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Егер осындай хабарлама келсе, ақпаратты тек мемлекеттік органдардың ресми ресурстарынан тексерген жөн.