weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда «eGov қызметкерімін» деген алаяқтар көбейді

Қазақстанда соңғы бір айда өзін eGov қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға қатысты 30-ға жуық факт тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қазақстанда «eGov қызметкерімін» деген алаяқтар көбейді
Фото: Ашық деректер көзі

Ведомствоның мәліметінше, интернет-алаяқтықтың жалпы саны 14,8%-ға төмендеген. Алайда қылмыскерлер азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолданып жатыр.

Жаңа схема бойынша алаяқтар азаматтарға телефон шалып, олардың атына электронды цифрлық қолтаңба рәсімделіп жатқанын немесе басқа да әрекеттер жасалғанын айтады. Кейін әңгімеге олардың сыбайластары қосылып, жәбірленушіні атына заңсыз несие рәсімделіп жатыр деп сендіреді.

Олар азаматтарды «несиені болдырмау» үшін ақшаны көрсетілген шоттарға аударуға көндіреді.

Осындай жағдайлардың бірінде Тараз қаласының тұрғынына өзін eGov қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалған. Ол әйелдің атына ЭЦҚ шығарылып жатқанын айтқан. Кейін WhatsApp арқылы басқа адамдар байланысып, оның атына жеті банкте несие рәсімделгенін хабарлаған. Алаяқтардың сөзіне сенген әйел үшінші тұлғалардың шоттарына 2 млн теңгеден астам ақша аударған. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен сервистердің өкілдері азаматтарға ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейтінін ескертті.

Азаматтарға бейтаныс адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін және ЭЦҚ ақпаратын бермеу ұсынылады. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, тиісті мемлекеттік органға немесе банкке тек ресми байланыс арналары арқылы өз бетінше хабарласу қажет.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→