weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Киім жайғаны үшін»: Қостанайда келіннің терезесін шағып кеткен

Қостанайда жас келін қайын әпкелерінен бірнеше рет қысым көргенін айтып, полицияға арызданған. Соңғы жанжал әйелдің үйінің алдына киім жаюынан кейін туындаған. Newsroom.kz хабарлайды.

«Киім жайғаны үшін»: Қостанайда келіннің терезесін шағып кеткен
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның мәліметінше, екі қайын әпкесі келінге қоқан-лоқы көрсетіп, өзі тұрып жатқан үйдің терезесін шағып кеткен.

Келіншек бұған дейін де туыстары тарапынан бірнеше рет қысым көргенін айтқан. Human Rights Lawyers қоғамдық қорының мәліметінше, әйел бұрын болған жағдайларға байланысты полицияға хабарласып, арыз жазғанын, алайда тиісті шара қолданылмағанын мәлімдеген.

Кезекті жанжалға оның жуылған киімдерді үйінің алдына жайып қоюы себеп болған. Әйелдің айтуынша, осыған ашуланған туыстары оның үйіне келіп, терезесін сындырған.

«Киім жайғаны үшін сонша ашуға беріліп, біреудің үйіне барып терезе шағу – түсініксіз жағдай», – деп жазды құқық қорғаушылар.

Қазір әйел құқықтық көмек сұрап отыр. Оқиғаға қатысты нақты құқықтық баға мен полицияның ресми ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→