«АУЫЛ» партиясының сайлауалды штабы Мәдени-спорт кешенінің, VIAMEDIS KOSSHY көпсалалы медициналық орталығының және «Асыл түлік» АҚ – Мал шаруашылығындағы асыл тұқым ісі жөніндегі республикалық орталықтың қызметкерлерімен кездесті.
Кездесулер барысында партияның қала мен ауылдың теңгерімді дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларын қолдауға, сондай-ақ өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамалары таныстырылды.
«Асыл түлік» АҚ ұжымымен өткен кездесуде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, асыл тұқымды мал шаруашылығын жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау және саладағы кадрлық әлеуетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар медициналық көмектің қолжетімділігі де сөз болды. Айтылғандай, VIAMEDIS KOSSHY медициналық орталығы тәулігіне 1000-ға дейін науқасты қабылдай алады. Бұған қоса, жыл соңына дейін Қосшы қаласында 350 орындық жаңа аурухананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Материал «АУЫЛ» партиясы ұсынған.