weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда Wildberries қоймаларын Ресейден көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Wildberries компаниясынан ел аумағында қосымша қойма салуға немесе орналастыруға қатысты ресми өтініш түспеген. Ведомство мұндай бастамалар ұлттық мүдде мен заң талаптарына сай болған жағдайда қарастырылатынын мәлімдеді.

Қазақстанда Wildberries қоймаларын Ресейден көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді
Фото: mertech

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясының логистикалық нысандарының бір бөлігін Ресейден Қазақстанға көшіруі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта компаниядан елімізде қосымша қойма қуаттарын орналастыру жөнінде ресми өтініш түспеген. Соған қарамастан, мұндай ұсыныстар түссе, олар белгіленген тәртіппен қаралатыны айтылды.

Ведомство Қазақстан үшін заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және трансшекаралық электронды сауданы кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобалар маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар барлық бастамалар ұлттық мүдде мен қолданыстағы заңнама талаптары негізінде бағаланатын болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→