weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 сәуір, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Абу-Дабиде жары лыс салдары: 12 адам жарақат алды

Абу-Дабиде, Аджбан ауданында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істегеннен кейін құлаған сынықтар салдарынан кемінде 12 адам жарақат алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Абу-Дабиде жары лыс салдары: 12 адам жарақат алды

Баспасөз қызметі әуе қорғанысы күштері нақты қандай нысанды — ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) немесе зымыранды — жойғанын нақтыламады. Сынықтар құлаған кезде алты Непал азаматы мен бес Үндістан азаматы жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Тағы бір Непал азаматы ауыр жараланған.

Сондай-ақ бүгін Әбу-Даби билігі әлемдегі ең ірі біріктірілген газ өңдеу кешендерінің бірі саналатын Хабшан газ кешенінің жұмысын уақытша тоқтатты. Мұндай шешім бірнеше зымыран сынықтарының құлауынан кейін қабылданған. Қазіргі уақытта зауыт аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→