weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 07:44 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ–Израиль шабуылы: Иранда 115 мыңнан астам нысан қирады

АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан Иранда 115 мыңнан астам азаматтық нысан зақымданды,- деп хабарлайды newsroom.kz

АҚШ–Израиль шабуылы: Иранда 115 мыңнан астам нысан қирады

АҚШ пен Израильдің Иранның азаматтық инфрақұрылымына жасаған соққылары салдарынан 28 ақпаннан бері 115 193 нысан қираған немесе зақымданған.

Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы хабарлады.

Есепке сәйкес, зақымданған нысандардың қатарында 91 498 тұрғын үй, 763 білім беру мекемесі және Қызыл Жарты Айға тиесілі 18 орталық бар.

Сонымен қатар, үш медициналық тікұшаққа да зақым келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дубайда ирандық снарядтардың сынықтары құлауынан 4 адам жарақат алғанын мәлімдеген едік.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→