weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 13:28 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Біз еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадық деп сенемін — Илья Илин

Елордадағы Алматы ауданында орналасқан №60 сайлау учаскесінде бүгін танымал спортшы, қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Илин дауыс берді. Ол референдумға отбасымен бірге келіп, азаматтық ұстанымын білдірді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Біз еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадық деп сенемін — Илья Илин

Белгілі спортшы мұндай маңызды саяси науқаннан шет қалмау әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

«Мен – өз елімнің белсенді азаматымын. Азаматтық маңызы бар шараларға, сайлауға, референдумға әрдайым қатысуға тырысамын. Мен әрдайым қазақстандықтарға бір нәрсені айтамын. Міндетті түрде біреуді қолдап немесе біреуге қарсы болу шарт емес. Бірақ әр адам өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, келіп дауыс беруі керек. Бүгін мен отбасыммен бірге дауыс бердім. Біз еліміздің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдадық деп сенемін», – деді ол.

Спортшының айтуынша, мұндай тарихи сәттерде отбасы мүшелерінің бірге келуі де ерекше маңызға ие.

Танымал спортшының сайлау учаскесіне келуі тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дауыс беруге келген астаналықтар Илья Илинмен селфи жасап, естелік суреттерге түсті. Көпшілік атақты спортшымен суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Осылайша, №60 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белсенді өтіп, тұрғындар ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→