Sәlem Entertainment, 1.1.Studio және Dakeshi Street бірігіп түсірген бұл жобаның режиссері — атап өткен сериалдың сценарий авторы болған Данияр Болотбеков.
Логлайн: Аулада балалық шақ артта қалды. Осыған дейін жан достар болған Муха мен Боб енді темір тордың екі жағында: бірі тар қапастан қашудың жолын ойласа, бірі досын күзетуге мәжбүр. Көше заңы мен заң алдында берілген ант. Олардың ендігі таңдауы кімнің еркіндікке шығып, кімнің өткеннің тұтқыны болып қалатынын шешеді.
Рөлдерде: Айбар Салы, Рауан Ахмедов, Дамир Амангельдин, Ақжол Примбетов және Азиз Бейшенәлиев өз кейіпкерлерін қайта сомдайды. Сондай-ақ фильмнің актерлік құрамына Нышанбек Жұбанаев, Марат Амираев және «Слово пацана: кровь на асфальте» сериалының жұлдызы Рузиль Минекаев қосылды.
Түсірілім жұмыстары 2025 жылдың күз айларында Бішкектегі қолданыстағы түзеу мекемесінің аумағында өтті.
Картинаның басты мақсаттарының бірі — қылмыстық өмір салтын әспеттеуді (романтикалауды) тоқтату. Жасалған қателіктер үшін жауапкершілік алу мен тәубеге келу — фильмнің негізгі тақырыбына айналмақ.
«Сериал шынайы оқиғаларға негізделгендіктен, біздің мақсатымыз жай ғана оның жалғасын түсіре салу болған жоқ. Әр кейіпкердің шынайы өмірі мен өз тағдыры бар. Біз заң мен әділеттілікке қайшы келетін, көшеде "дұрыс" болып көрінетін түсініктердің түбі неге апарып соғатынын еске салғымыз келді», — дейді жоба авторлары.
“Черный Двор” сериалының музыкасын Sәlem Entertainment командасымен бұған дейін «Sheker 2» жобасында бірге жұмыс істеген The OM жазды. Сол кезде оның «Закат» трегіне түсірілген бейнебаян 1,5 миллионнан астам қаралым жинап, The OM Баста бастаған атақты GAZ шығармашылық бірлестігінің резиденті атанған болатын. Бұл жолы «Черный Двор» үшін The OM «Дурака» әнін жазды, ал оның дыбысты әрлеуіне белгілі ресейлік музыкалық продюсер Константин Матафонов атсалысты. Қазақстандық жетекші инди-музыканттың жаңа тректері кейіпкерлердің бейнесі мен сериалдың идеясын одан әрі ашып, «Черный Двор» хикаясының үніне әрі қосымша көркемдік бөлшегіне айналмақ.
Жанкүйерлерге жол тартатын альбомның треклисті мынадай:
1. Клубника — The OM
2. El Cucui — Techno Bear x Mistaq
3. Мерзость — The OM, DASHXX
4. Бадминтон — The OM
5. Притяжение — The OM
6. Горд — The OM
7. ДВОР — VERNO, The OM
8. Вернусь — Sisl, The OM
9. Я не хочу любить твоё солнце — The OM
10. OBRYAD — TECHNO BEAR, Lim, KIRIKIRI, ELENBERG
11. Дурака — The OM
12. Black Yard — Ulukmanapo
Жобаның музыкалық продюсерлері Infinity Music негізін қалаушылар — Лев Белов пен Бақай Қолчаев.