weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дженнифер Лопес Алматыда да концерт бермек

"Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың мәлімдеуінше, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін де береді. Шоу 10 тамыз күні мәдени астанамыз – Алматыда өтпек, деп хабарлайды newsroom.kz.

Дженнифер Лопес Алматыда да концерт бермек
Фото: instagram.com/jlo

Еске сала кетейік, әншінің алғашқы концерті 1 тамызда Астанада ұйымдастырылады.

«Астанадағы және Алматыдағы концерттерге сатып алынған билеттер толықтай қайтарылмайды. Джей Лоның халықаралық тур менеджменті бекіткен осы талаптың арқасында Қазақстанда екінші концерт өткізу мүмкін болды», – деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, Астанадағы концертке арналған билеттердің сатылымы Ticketon платформасы үшін нағыз сынаққа айналды — сайт билет сату басталмай жатып-ақ істен шыққан.

Қолданушылардың шамадан тыс көп кіруінен туындаған техникалық ақаулар салдарынан шамамен 200 адам елордадағы концертке тегін қатысатын болды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→