Фариза Төреәлінің жұбайы оған тосынсый жасады

Фариза Төреәлінің сөзінше, күйеуі оның бала арманын орындаған

Фариза Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/ farizatoreali

Отандық блогер Фариза Төреәлінің күйеуі Дархан Нортаев жұбайына тосынсый жасады. Бұл жайында Төреғали Төреәлінің қарындасы Instagram желісіндегі парақшасында айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Фариза Төреәлінің сөзінше, күйеуі оның бала арманын орындаған. Яғни, кішкентайынан барғысы келетін мемлекетке виза жасатқан.

"Бүгін анам екеуміз демалып, жақсы уақыт өткіздік. Ал Дархан Дара екеуі жұмыстарын бітіріп, қыдырыпты. Мені алып кетуге келіп осындай тосынсый жасады. Менің бала арманымдағы елге виза жасатып, тіпті билет алып қойыпты. Кім табады, қайда барамыз?" - деді Фариза Төреәлі.

Мұны көрген көпшілік блогердің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. "Осындай жігітті қайдан тауып аласыңдар?", "Корея шығар, EXO тобының концертіне барғыңыз келіп еді ғой", "Қыздарымның күйеуі Дархандай болса", "Күйеу емес, періште", "Армандарың орындалсын", - деп жазды көпшілік.

Жүктелуде...