Ел тұрғындары маусым айында Құрбан айтты тойлайды. Құрбан айтты тойлау күнін еңбек министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп бекітіп, демалыс күні деп жария етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz
2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн демалады: 15, 16 және 17 маусым.
Осылайша маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:
1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.
Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:
2, 9, 16, 17, 23, 30 маусым.
Айта кетейік, мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді.
Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы “Құрбан мейрамы” дегенді білдіреді.