Қазақтың байлығын далаға шашқан жоқ: танымал журналист Жолдасбеков туралы жазды

М.Жолдасбеков туралы постқа жағымпазды жақтадың деген пікірлер жазылды – деп жазды танымал журналист Ертай Нүсіпжанов өзінің фейсбук парақшасында.

фото: aikyn.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Сол пікірді жазғандар бұл кісінің жасаған еңбектерін білмейді-ау деп ойлаймын – деген ол «М.Жолдасбеков қазақ үшін қасиетті саналатын көне жәдігер Орхон-Енисей жазуларын алғаш зерттеген, әдебиетіміздің мыңдаған жылдық тарихын кеңестік билікке дәлелдеп берген тұлға. Сүйінбай, Жамбыл, Кененнің туындылары арқылы ауыз әдебиетке терең бойлай білген, сол арқылы ұлт тарихын зерттеу ісін алға сүйрей білген ғалым. Бұл кісімен кезінде бірнеше хабар жасадым. Жақын білемін. Қаншама қазаққа құнды еңбектер жазды. Біле білсеңіз бұл біз үшін аса бағалы дүние» - дейді.
 

«Қазаққа қиянат қылмаған. Руханиятты түгендемесе, қазақтың байлығын далаға шашқан жоқ. Оның жағымпаздығын қайтесіз? Бұл кісі қазаққа сол үшін де сыйлы. Сол үшін де құрметті. 
Ал енді жағымпаздыққа келсек, кім кімге жағымпазданбайды, айтыңыздаршы? Біреуге күніміз түскенде біреудің көңілін табуға тырысамыз ғой. Бірдеңеге қолы жетуі үшін қаншама адам біреудің көңілін аулап жүр… Өмір ғой.
Қ.Тоқаевқа да ашықтан ашық жағымпаз боп жүргендер бар. Оларды неге көрмейсіз? Ертең айтқаннан не пайда, неге қазір күреспейсіз? Мықты, шын жанашыр болсаңыз дәлел, дәйекпен жазыңыз соларды. Тоқтау салыңыз. 
Біреу бір қызметке тағайындалса, онымен бірге түскен суретін жарыса жариялап, жат та кеп мақтап жатасыздар. Бұл да ашық жағымпаздық» - деп күйіне жазды.

«Балабақшада тәрбиешіге, мектепте мұғалімге, қызметте басшыға жағымпазданамыз. Сыйлық жасап бәйек боламыз. Бұл жағымпаздық емес пе?» - деген пост авторы, «меніңше, жағымпаздық қазақтың қанына сіңген. Бұл әрі біздің бір сорымыз. Біздің өмір салтымызға, тұрмыс дағдымызға айналған кесел. Сондықтан, біреудің басынан шоқ іздемей, өз басыңыздағы отқа да қарап қойғаныңыз абзал» деп ой түйеді.

Жүктелуде...