weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Қазақ актрисасы Шұғыла Ешенге Golden Globes сыйлығы табысталды

Қазақстандық театр және кино актрисасы Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award арнайы сыйлығына ие болды. Ол бұл марапатты алған алғашқы қазақстандық өнер иесі атанды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Қазақ актрисасы Шұғыла Ешенге Golden Globes сыйлығы табысталды
Фото: Malim.kz

Марапаттау рәсімі 23–24 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Golden Globes Silk Road Tribute Gala салтанатты кеші аясында ұйымдастырылды. Биыл алғаш рет өткізілген шара Орталық Азия мен Кавказ елдерінің кино және телевизия саласындағы жетістіктерін дәріптеуге бағытталған.

Шұғыла Ешенге табысталған Beacon Award кино және телевизияда танылып келе жатқан жаңа буын актерлеріне беріледі. Бұл марапат Golden Globes-тің негізгі конкурстық аталымдарына кірмейді, ол Silk Road Tribute Gala аясында арнайы табысталады.

Алғашқы гала-кеште Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия және Армениядан алты өнер өкілі марапатталды. Қазақстандық актрисамен бірге бұл сыйлыққа армян актері Самвел Тадевосян да ие болды.

Шұғыла Ешен 2002 жылы 4 сәуірде Астанада дүниеге келген. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында драма театры және кино актері мамандығы бойынша білім алған. 2024 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етеді.

Көрермендер актрисаны «Ғашықпын саған», «7 қарақшы», «Қайтадан» және «Шекер. Соңғы мүмкіндік» секілді жобалардағы рөлдері арқылы таниды. «Шекер» жобасындағы Диана рөлі үшін ол «Киносыншылар таңдауы» сыйлығының «Екінші пландағы үздік актриса» аталымын жеңіп алған.

Сонымен қатар, актриса 2025 жылы ALTYN SAQA театр фестивалінде «Үміт» номинациясымен, ал 2026 жылы «Ұлттық классикадағы бейне» аталымында марапатталған.

Айта кетейік, Golden Globes Silk Road Tribute Gala аясында үш түрлі марапат табысталды: Meridian Award, Trailblazer Award және Beacon Award.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер