"Аузың қисайып қала ма?" Мәжіліс депутаты танымал журналисті ренжітіп қойды

Жанар Байсеміз журналист Нартай Аралбайұлына өкпесін жеткізді

фото: qamshy.kz

Көздері жәудіреп шетел асып кеткен қазақ балалары туралы деректі фильм түсірген танымал журналист Жанар Байсеміз депутат әрі журналист Нартай Аралбайұлына өкпесін ашық жазды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Нартай, 
“Шетелдегі қазақ балалары” 
жобасынан көріп, сұхбатқа шақырдым, деп айтсаң аузың қисайып қала ма?! 

Немесе, ШҚБ көрсетті десең де болатын еді ғой. Бір ауыз сөз ғой, айналайын-ау! 
Афишаға Сабинаның бағдарламадағы сұхбат берген жерін кесіп, фото қойыпсың. Басқа басқа сенен мұндайды күтпедім. 

Жалпы, мен қазіргі БАҚ, журналистерді түсінбей кеттім. 
Өткенде, “Хабар” арнасы “Ұйқым келмейді” бағдарламасынан бір продюсер хабарласып, 26 жылдан кейін туған анасымен табысқан Гүлмира-Сейдж қызымызды эфирге шақырып беруге өтініш жасады.

“Жібек жолы” арнасын атайсыздар ма, жоқ, айтқызбайды, бағдарламаның атауын айтамыз, міндетті түрде, деді. Ок, көмектестік. Эфирге шақырып бердік. Бірақ, бағдарлама туралы бір ауыз сөз айтпаған. 

Продюсерім жазса, жауап бермейді, содан өзім жаздым, 1-ден уәде Құдай сөзі, 2-ден этика қайда, деп. ИГНОР!!! Мүлдем жауап берген жоқ. Алдында 126 рет жазған жігіт бір ауыз сөз жазуға жарымады. 

Қызық екен, и жарайды, деп қоя салдым, алысып отыруға мұршам жоқ. 
Бұл қарапайым әдеп қой. Сөзім жоқ. Айтыңдар, таратыңдар, менің атымды атамай-ақ қойыңдар, бағдарлама туралы бір ауыз айта салсаңдар, өлесіңдер ме?! 
Хабардың Ұйқым келмейдісіне мүлдем сөзім жоқ! 
Сосын, бір телеарна эфирінен екінші телеарна туралы айтса не болады?! 
Осы ескіліктің сарқыншағын жұлып алып тастау керек. Бірін бірі көтермелесе не болады? Бұндай дүние телеарналарда баяғыдан бар еді. Бір нәрсе өзгерді, деп жүрсем, ештеңе өзгермепті. 

Әр журналист тек өз арнасынан шығып жатқан жоба, кино т.б. мақтауда жан салмайды екен "– деп жазған Жанар Байсеміз.

Жүктелуде...