Астанадағы мешітте бомба бар ма?

Полиция қызметкерлеріне Елордадағы мешіттердің бірінде бомба бар деген ақпарат келіп түсті

Фото: tengrinews.kz

Елордада Әл-Фараби атындағы мешіт қоршауға алынып, келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz.ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 17 қазанда полиция департаментіне Әл-Фараби атындағы мешіт аумағында орналасқан дүкенде белгісіз бір адам үлкен чемодан мен рюкзак қалдырып кетіп, артынан оралмаған көрінеді.

Қоңырау шалған әйелдің айтуынша, рюкзак пен чемоданнан белгісіз дыбыс шыққан.

"Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу келді. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның талаптарына сәйкес осындай хабарларға бірден қою шаралары шеңберінде оқиға орны қоршауға алынды. Мешітке келушілер мен жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру барысында сөмкеде қауіпті және тыйым салынған заттар табылған жоқ", - деп хабарлады ПД.

Бұл факт Астана қаласының Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген. Жүктердің иесі іздестірілуде.

Жүктелуде...