weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 16:03 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

NYT: Эпштейн өз аралында мешіт салмақ болған

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн өз аралында «мешіт» салмақ болғаны туралы The New York Times басылымы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

NYT: Эпштейн өз аралында мешіт салмақ болған
Фото: NYT

Басылым мәліметінше, Эпштейн сирек кездесетін исламдық артефактілерді жинауға қызығушылық танытқан. Ол бұл заттарды өз аралындағы ерекше ғимаратты безендіру үшін сатып алып, оны жеке әңгімелерінде «мешіт» деп атаған. Сонымен қатар, бұл әрекеттер ықпалды әрі ауқатты адамдармен байланыс орнату мақсатында жасалғаны айтылады.

NYT дерегінше, Құран аяттары кестеленген гобелендер Меккедегі Қағбадан жеткізілген. Айтылғандай, олар бұрын Қағбаның ішкі қасиетті бөліктерін безендіріп, сыртқы қабырғаларын жауып тұрған.

Бұдан бөлек, Джеффри Эпштейн Өзбекстаннан әкелінген плиткаларды, сондай-ақ ежелгі Сирия сәулет үлгісінде жасалған алтын күмбезді де сатып алған.

Құжаттарда көрсетілген исламдық артефактілер Эпштейн аралындағы жұмбақ ғимараттың сырын да ашуға көмектеседі. Алғашында жоба «ислам бағы» қоршаған «хамам» ретінде тіркелген. Кейін қаржыгер бұл жоспардан бас тартып, оның орнына «музыкалық бөлме» салуға рұқсат алуға тырысқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→