Өз әріптесін соққыға жыққан полицей

Тергеуші қалалық ІІБ Солтүстік полиция басқармасы бастығының орынбасарына шағымданды.

Павлодарда қалалық ІІБ Солтүстік полиция басқармасы бастығының орынбасары әріптесін соққыға жыққанын хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz сілтеме жасап.  Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Павлодар облыстық полиция басқармасының бастығы Василий Скляр мәлімдеуінше: 

«13 қазанда Павлодар қалалық ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен сол бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы арыз түсті. Менің тапсырмаммен полиция бөлімшесі аталған факті бойынша қызметтік тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі». 

Жүктелуде...