Неймар өзіне попкорн лақтырған жанкүйерге ұсыныс тастады

2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу матчында футболшы Неймарға жанкүйері попкорн лақтырған.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Бразилия Венесуэладан жеңіліп қалғанын хабарлайды newsroom.kz порталы. Жанкүйер тарапынан көптеген негатив пікірлер тарап, жағымсыз іс-әрекеттер байқалған.  Бразилиялық  спортшы Неймар киім ауыстыратын бөлмеге кетіп бара жатқанда, жанкүйерлердің бірі оған бір стақан попкорн лақтырған. Алдымен попкорн бөліктері, кейін контейнердің өзі басына тиген. 

“Өкінішті, өте өкінішті. Мен мұнда демалысқа келген жоқпын, мен өзім жақсы көретін іспен айналысуға келдім. Ол - футбол ойнау және ел намысын қорғау. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, барымызды саламыз, бірақ бәрі жанкүйерлер күткендей нәтиже болмайды”- деп өз пікірін білдірді футболшы.

2026 жылы бразилиялық команданың әлі де  әлем чемпионатына баруға мүмкіндігі бар. 

 Спортшы попкорн лақтырған жанкүйерге: “Егер ол соншалықты наразы болса, менің орныма алаңға шықсын”, - деп ұсыныс тастады. 

Жүктелуде...