weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 12:04 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

980 күндік үзіліс аяқталды: Неймар қайтадан алаңға шықты

Футболдан Бразилия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген Неймар ұлттық құрама сапында 980 күннен кейін алғаш рет алаңға шықты,— деп хабарлайды newsroom.kz

980 күндік үзіліс аяқталды: Неймар қайтадан алаңға шықты

Неймар әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Шотландия құрамасына қарсы матчтың 76-минутында алаңға қосылды. Шабуылшы балтыр бұлшықетінің жарақатына байланысты турнирдегі алғашқы екі ойынды өткізіп алған болатын.

34 жастағы Неймар Бразилия құрамасы сапындағы соңғы матчын 2023 жылдың 18 қазанында өткізген. Ұлттық құрама құрамында ол Олимпиада чемпионы атанып, Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, Конфедерациялар кубогын иеленді және Америка кубогының финалисі болды. Неймар Бразилия құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген саналады – оның еншісінде 79 гол бар. Шотландияға қарсы кездесу оның ұлттық құрамадағы 129-матчы болды.

Неймар қатысқан әлем чемпионаттарының барлығында жарақат мәселесімен бетпе-бет келді. 2022 жылы ол Сербия құрамасына қарсы топтық кезең матчында (2:0) жарақат алды. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына шабуылшы оң аяғындағы жарақаттан кейін үш ай бойы оңалып барып қатысқанымен, қажетті физикалық бабына толық келе алмады. Ал 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында бел омыртқасының үшінші омыртқасын сындырып алып, Германия құрамасына қарсы жартылай финалдық кездесуді (1:7) өткізіп жіберген еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→