Жас отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

Жас отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

ашық дереккөзі

Елімізде жастар мен жас отбасыларды қолдауға арналған тұрғын үй алуға, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін түрлі бағдарламалар мен жобалар бар. Солардың бірін «Жария» халықаралық орталығы қоғамдық қорының атқарушы директоры Айсұлу Болатбекова таныстырды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Аталған қор елімізде «Жастар арасында отбасы құндылықтарын қалыптастыру» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржыландырады.

 

«Қазіргі таңда жоба аясында жастар арасында түрлі оқытулар мен тренингтер өткізіліп жатыр. Қоғам белсенділері жас қазақстандықтарға арналған өзекті тақырыптарды ашатын бейне-подкасттар сериясын түсірді. Мамандар отбасында қарым-қатынасты қалай құру екені жайлы, некеге тұрмас бұрын қандай ерекшеліктерге мән беру керектігі туралы ақпарат беріп жатыр.  Подкасттарды әлеуметтік желілерде «Baqytty Zhanuya» аккаунтынан көре аласыздар», - деді Айсұлу Болатбекова.

Сондай-ақ оның айтуынша, психологтар жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту тақырыбында офлайн және онлайн форматта семинарлар мен дәрістер өткізеді.

Жүктелуде...