weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Қазақстан халқы тағы өсті: жаңа статистика жарияланды

Қазақстан халқының саны тағы да артты. Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде ел халқы 20 590 589 адамға жетті. Бұл туралы Newsroom.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
 

⁠Қазақстан халқы тағы өсті: жаңа статистика жарияланды
Фото: Жасанды интеллект

Жыл басынан бері халық санының өсуіне табиғи өсім мен көші-қон әсер етіп отыр. Тек 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 149 774 бала дүниеге келген, ал қайтыс болғандар саны 64 710 адамды құрады. 

Халық саны бойынша ең ірі қалалардың бірі – Алматы. 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада шамамен 2,37 млн адам тұрады. Қалада қаңтар-маусым аралығында табиғи өсім 8 736 адамды құраған, ал көші-қон сальдосы 16 933 адам болған. 

Ал Астанада халық саны 1 шілдеде 1 682 721 адамға жетті. Елордада халықтың өсуіне әсіресе ішкі көші-қон әсер етуде: алғашқы алты айда ішкі көші-қонның оң сальдосы 32 665 адам болған. 

Қазақстан халқының басым бөлігі қалаларда тұрады. Ел бойынша қала тұрғындарының саны 13,19 млн, ал ауыл халқы 7,4 млн адам болды. 

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы 1 тамыздағы халық саны бойынша жаңа деректі 1 қыркүйекте жариялады. Сондықтан жыл басынан бергі нақты өсім мен өңірлер арасындағы өзгерістерді соңғы ресми статистикамен салыстыруға болады. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→