Нұр-Сұлтанның туған күні қалай тойланбақ?

Нұр-Сұлтанның туған күні қалай тойланбақ?

ашық дереккөзі

 width= Алдағы аптада Нұр-Сұлтанның туған күні. Ол 23-ке келеді. Қала әкімі Алтай Көлгінов 6-шы мамырда елорданың 23 жылдығын қала тұрғындары қалай атап өте алатынын айтып берді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. Оның сөзінше, астана күні қала халқы үшін ерекше, сондықтан тойлағысы келеді. Жыл басында әкімдік осыны қаперге алып, мәдени шараларды да жоспарлаған. Бірақ, санитарлық дәрігерлердің соңғы талаптарынан кейін бастамалар онлайн өтетін болған. Биыл өткен жылдағыдай астаналықтар салютті де күтпесе болады. Алтай Көлгінов "отшашу жоспарланып отырған жоқ", деді. Есесіне, Нұр-Сұлтанның туған күнінде баспана кезегінде тұрғандар мен үлескерлерге жеке шаршы метрлер табысталады. Бұдан бөлек, мерейлі датада қалада абаттандырылған аулалар, дене шынықтыру кешендері мен зағип балаларға арналған балабақша есігін айқара ашпақ. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. https://youtu.be/u2-zUoJQ2rM?t=1280

Жүктелуде...