Қазмедиа орталығындағы VIP орынға кімдер көлік қояды?

Қазмедиа орталығындағы VIP орынға кімдер көлік қояды?

ашық дереккөзі

 width= “Казмедиа центр - Қазмедиа орталығы” сіздердің министрлер мен әкімқаралар келгенде соларға арнап лифттерді істен шығарып, медиадағы елдің мазасын кетіретін әдеттеріңізге ет үйренді. Айтып-айтып болдық деп жазады танымал журналист Айбек Қосан өзінің фейсбук парақшасында. Бұл туралы newsroom.kz. тілшісі хабарлайды. А.Қосан “ал енді көлік тұрағы алаңында ВИП деп орын белгілеп, #пенделерге ол жерге тоқтауға болмайды дегендеріңіз шектен шыққандық” - деп жазған ол, “Бұл министрлер тоқтайтын орын деп шімірікпей айтады мамандарыңыз” деп жазбасын одан әрмен жалғастырады. “Сол министр, сол әкім салықтың есебінен, халықтың ақшасынан жалақы алып отыр. Оларды қолдан Құдай жасамаңыздар. Олар жалдамалы адамдар! Шаш ал десе, бас алатын бір қамалға айналған орын. Алып-қосар жоқ” деген Айбек Қосанның жазбасы әлеуметтік желіге жарияланған аз ғана уақыттың ішінде қызу талқылануда.

Жүктелуде...