Алматыда әйел көшеде босанып қалған

Алматыда әйел көшеде босанып қалған

ашық дереккөзі

 width= Алматыда бір әйел көшеде босанып қалды. Аяқ асты толғағы келген келіншек перзетханаға жетіп үлгермеген, деп хабарлайды Almaty.tv. Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы сол маңнан өтіп бара жатқан. Дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер. Ұлды болған келіншектің жақындары нәрестенің дүние есігін ашуға жәрдемдескен бүкіл медицина қызметкеріне алғыс айтты.

Жүктелуде...