Министр не себепті "Көбейтұзға" бармау керектігін айтты

Министр не себепті "Көбейтұзға" бармау керектігін айтты

ашық дереккөзі

 width= Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Көбейтұзға бармауға кеңес берді.

«Көбейтұз туралы нақты мынаны айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік су мен тұзға талдау жасап, жағымсыз қорытынды жасады. Ондағы су мен тұздың құрамында металдар өте көп екені мәлім болып отыр. Мен осы алаңды пайдаланып, тұрғындардан Көбейтұзға барудан тартынуды сұрағым келеді», - деген министр аталмыш көлді ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру жергілікті әкімдікке байланысты екенін ескертті. «Ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру мәселесіне келсек, бұл – жергілікті атқарушы органның құзырындағы шаруа. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын аумаққа айналдыруды ұсынған болатынбыз. Лабороториялық зерттеулердің қорытындысын алып отырмыз. Әкімдік қазір бұл мәселені соңына дейін зерттеп бітіреді. Алдағы 1-2 күнде облыс әкімдігімен сөйлесіп, нақты мәлімет алатынымды айтқым келеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Соныме қатар, ведомство басшысы Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.
«Көбейтұзда былтыр аудандық әкімдік кордон қойған. Одан әрі қарай көлікпен өтуге болмайды. Екіншіден, тағы қайталап айтам, көлге бару адамдардың денсаулығына қауіпсіз емес», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
 

Жүктелуде...