Хорватияда үйлер 69 теңгеге сатылуда

Хорватияда үйлер 69 теңгеге сатылуда

ашық дереккөзі

 width= Хорватияның солтүстігіндегі шағын қала, халықтың кетуінен зардап шеккен, бос тұрған үйлерді"су тегін"  сатып жатыр. Осылайша, билік жаңа тұрғындарды тартуға тырысуда, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Reuters-ке сілтеме жасап. Хорватияның Леград қаласының билігі ғимарат үшін бір кунаға (69 теңге) тең бағамен 19 бос үй мен қараусыз қалған құрылысты сатылымға шығарды. Нысандардың жағдайы әртүрлі. Кейбір үйлер жартылай қираған, терезелері мен есіктері жоқ. Үйлерді тек қала басшылығы белгілеген өлшемдерге сәйкес келетін адамдар сатып ала алады - олар төлеуге қабілетті, 40 жасқа толмаған және қалада кем дегенде 15 жыл тұруға дайын болуы керек. Жылжымайтын мүліктің талаптары мен апатты жағдайына қарамастан, 17 нысан сатылды. Қала әкімдігі сатып алушыларға қажетті жөндеу жұмыстарына 25 мың кун (1 миллион 700 мың теңгеден астам) төлейді, ал жеке меншіктен үй сатып алғысы келетін жаңа тұрғындарға қала құнының 20 пайызын - шамамен 35 мың кун (2 миллион 417 мың теңге) өтеуге дайын екенін мәлімдейді. Қала әкімі Иван Саболич көптеген адамдар, соның ішінде басқа мемлекеттердің азаматтары жомарт ұсынысты пайдаланғысы келетінін айтты. "Кейбір БАҚ біздің акциямыз туралы хабарлағаннан кейін біз Ресей, Украина, Түркия, Аргентина немесе Колумбия сияқты шалғай жерлерден үй сатып алу туралы өтініштер алдық", - деді ол. Жоғары сұранысқа қарамастан, жылжымайтын мүліктің жаңа иелері негізінен Хорватия азаматтары болды, өйткені елге көші-қон өте күрделі рәсім. Қазір қалада 2250-ге жуық адам тұрады. Бұл 70 жыл бұрынғыдан екі есе аз.

Жүктелуде...