"Мемлекет басшысының өкімімен Ашуев Айдын Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды",- деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі өзінің желідегі парақшасында. Айдын Ашуев 1976 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол 2019 жылдан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметін атқарған.