weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бакир Баяхунов дүниеден өтті

Қазақстанның белгілі композиторы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бакир Баяхунов 94 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Қазақстанның халық әртісі, композитор Бакир Баяхунов дүниеден өтті
Фото: Ашық деректер көзі

Бакир Баяхунов 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Орталық Азиядағы дүнген ұлтынан шыққан тұңғыш кәсіби композитор ретінде танылды. Шығармаларында қазақ және шығыс әуендерін еуропалық классикалық музыка дәстүрімен ұштастырды.

Композитор Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам уақыт сабақ беріп, бірнеше буын музыканттың қалыптасуына үлес қосты.

Сонымен қатар Қазақстан Композиторлар одағында қызмет атқарып, Дүнген мәдени орталығын басқарды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі композитордың отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер