weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда «Халық заңгері» Республикалық акциясы өтті

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы аясында Түркістан қаласында әкімдік пен прокуратураның бірлесуімен «Халық заңгері» атты республикалық акция ұйымдастырылды.

Түркістанда «Халық заңгері» Республикалық акциясы өтті

Шараның басты мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашықтықты арттырып, сенімге негізделген диалог қалыптастыру болды.

Акцияға қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары, прокуратура және полиция өкілдері, әділет саласының қызметкерлері, сот мамандары, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Олар қала тұрғындарына әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, нақты түсініктемелер ұсынды.

Келушілер әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, тұрғын үй мәселелері, отбасылық және жер қатынастары сияқты күнделікті өмірде жиі кездесетін сұрақтарына кәсіби жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Заңгерлер құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Мұндай форматтағы кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік органдардың халықпен тығыз әрі ашық жұмыс жүргізуіне жол ашады.

Алдағы уақытта «Халық заңгері» республикалық акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, ел тұрғындарына құқықтық қолдау көрсету ісін жалғастырмақ.