weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Индонезияда 243 адам мінген паром аударылып, 129 адам із-түзсіз жоғалды

Индонезияның Ява теңізінде Virgo Transport 8 жолаушылар паромы қолайсыз ауа райына байланысты аударылып, кемінде алты адам қаза тапты. Құтқарушылар 108 адамды аман алып қалған, ал 129 адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz Reutersке сілтеме жасап хабарлайды.

Индонезияда 243 адам мінген паром аударылып, 129 адам із-түзсіз жоғалды
Фото: Reuters

Паром 13 қыркүйекте Шығыс Явадағы Сурабая қаласынан Оңтүстік Калимантандағы Банджармасинге бағыт алған. Кемеде барлығы 243 адам, оның ішінде 213 жолаушы және 30 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ бортта 89 көлік болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа теңіздегі қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Кеме капитаны толқындардың биіктігі шамамен үш метрге жеткенін хабарлағаннан кейін, паромның қисайып бара жатқаны туралы дабыл берген. Кейін кеме аударылып кеткен. 

Құтқару операциясына әскери-теңіз күштері, жағалау қызметтері мен басқа да кемелер және тікұшақтар жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, іздестіру жұмыстарына жүздеген маман қатысып жатыр. 

Индонезия билігі апаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Құтқарушылар жоғалған жолаушыларды іздеу жұмыстарын жалғастыруда. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→