weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық теннисші әлемнің №1 ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл көрсеткіш US Open-2026 турнирінің қорытындысы бойынша жаңартылған әлемдік рейтингте ресми түрде бекітілді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстандық теннисші әлемнің №1 ракеткасы атанды
Фото: sinews.kz

Рыбакина рейтингтегі бірінші орынды бұған дейін 99 апта бойы көш бастаған Беларусь өкілі Арина Соболенконың орнына иеленді. Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингтің шыңына алғаш рет көтеріліп отыр.

Бұл жетістікке Рыбакина US Open турнирінде де ерекше нәтижемен жетті. Ол финалда Арина Собаленконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, Нью-Йорктегі алғашқы чемпиондық атағын иеленді. Бұл — қазақстандық теннисшінің мансабындағы үшінші Grand Slam титулы.

Биыл Рыбакина Australian Open турнирінде де чемпион атанып, финалда тағы да Соболенконы жеңген болатын. Осылайша, 2026 жылы қазақстандық спортшы екі ірі хард-корт турнирінде қатарынан жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін әлемдік рейтингте ең жоғары көрсеткіш ретінде екінші орынға көтерілген еді. Енді ол Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте №1 болған алғашқы теннисші атанды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→