Депутат бұл ұсынысты Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді.
Оның пікірінше, балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануы олардың психологиялық жағдайы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заңнамалық деңгейде шектеу енгізу мәселесін қарастыру қажет.
Ұсынысқа сәйкес, әлеуметтік желілер кәмелетке толмаған пайдаланушылардың жасын анықтау және жас шектеулерін сақтау тетіктерін енгізуі тиіс.
Айта кетейік, мұндай шектеулерді енгізу мәселесі әлемнің бірқатар елінде де талқыланып келеді. Қазақстанда бұл бастама әзірге депутаттық ұсыныс деңгейінде.