Құрылтайдың ресми сайтында тұрақты комитеттердің құрамы мен Құрылтай басшылығы таныстырылды.
Комитеттер Құрылтай жұмысының негізгі бағыттары бойынша мәселелерді қарастырып, тиісті ұсыныстар әзірлейді. Әр комитетке оның жұмысын үйлестіретін төраға сайланды.
Осылайша, Құрылтайдың I шақырылымы аясында профильдік бағыттар бойынша жұмыс жүргізетін сегіз тұрақты комитет өз қызметін бастады.







