weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Биылғы дүбірлі додаға әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар жиналып, ұлттық спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтуде. Халықаралық жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.

Биыл спортшылар спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлері де бар. Осылайша, жарыс тек спорттық бәсекемен шектелмей, көшпелі халықтардың мәдениеті мен тарихи мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Отандастарымыз бағдарламаның барлық 43 спорт түрінен ел намысын қорғайды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықаралық спортшыларды бір алаңға жинап қана қоймай, ұлттық спортты дәріптеп, түркі және көшпенді халықтардың ортақ мәдени құндылықтарын насихаттайтын маңызды шараға айналып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→