weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Құрылтайды жалпыұлттық диалог алаңына айналдыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына заң шығару жұмысының сапасына ерекше мән беру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы заңдар әділетті, халыққа түсінікті және заман талабына сай болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Тоқаев Құрылтайды жалпыұлттық диалог алаңына айналдыруды тапсырды
Фото: Aqorda

Президенттің айтуынша, әрбір заң нормасы азаматтардың өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан заң жобаларын жан-жақты талқылап, олардың әр тармағын мұқият саралау қажет.

Тоқаев заң шығару қызметінің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа себеп болуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

«Озық технологиялар кәсіби құқықтық сараптаманы алмастыра алмайды. Алайда технологияны сауатты пайдалану арқылы талдау жұмысының тиімділігін арттыруға болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта өзінің бастамасымен «E-Parliament» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатқанын да айтты.

Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – цифрлық қызметтерді бір платформаға біріктіру. Тоқаев құзырлы органдарға депутаттармен бірлесіп, платформаны Құрылтайдың жұмысына барынша тез бейімдеуді тапсырды.

Президент сондай-ақ ел үшін маңызды заң жобаларын сарапшылардың қатысуымен кеңінен талқылаудың маңызын атап өтті.

Оның пікірінше, Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беретін жалпыұлттық диалог алаңына айналуы тиіс.

«Депутаттардың қызметі заңдылық, ашықтық, өзара сыйластық, пікір алуандығы қағидаттарына негізделуге тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→