Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ делегациясының Қазақстанға сапары басталды

Алматыға АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау келді, деп хабарлайды newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап.

АҚШ делегациясының Қазақстанға сапары басталды
Фото: Акорда

Сапар аясында делегация мүшелері Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму бағыттарын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Кеше Серджио Гор мен Кристофер Ландау қазақстандық бизнес өкілдері және елімізде жұмыс істейтін америкалық компаниялардың басшыларымен кездесті. Сондай-ақ олар заманауи өнер мұражайын, Шымбұлақ тау шаңғысы курортын және Медеу мұз айдынын аралады.

Қонақтарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдібаев бастап жүрді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату