weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Канье Уэст Алматыдағы блэкаутқа себеп болған жоқ

Алматыда болған ауқымды электр қуатының өшуіне америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті кезінде пайдаланылған алып сфера себеп болмаған. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Канье Уэст Алматыдағы блэкаутқа себеп болған жоқ
Фото: Әлеуметтік желіден

Еске салайық, 14 тамызда Алматыда электр қуаты жаппай өшіп, қалада бірқатар нысан жарықсыз қалған еді. Сол күні Канье Уэсттің Алматыдағы концерті өтуі тиіс болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты шоу кейінге шегеріліп, келесі күні өткізілді.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде жарықтың өшуіне рэпердің концерттік бағдарламасында қолданылған алып сфера әсер етуі мүмкін деген әзілдер тараған.

Алайда Энергетика министрлігі бұл болжамды жоққа шығарды.

Министрдің айтуынша, апат кезінде электр жүйесінен шамамен 600 МВт қуат ажыратылған. Ал концерттік конструкцияның нақты тұтынатын қуаты қандай болғанына қарамастан, оның энергожүйенің тұрақтылығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін емес.

«Канье Уэсттің сферасының әсерін толық жоққа шығарамын», – деді Ерлан Ақкенжанов.

Министр сонымен қатар электр қуатының жаппай өшуіне сыртқы әдейі араласу нұсқасын да жоққа шығарды.

Оқиғаның нақты себептері арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→