Келесі күні әйелдің жағдайы айтарлықтай нашарлап, жедел жәрдем шақыруға тура келген. Алғашында дәрігерлер жүрек талмасын жоққа шығарып, қосымша тексеруден өтуге кеңес берген. Кейін Өскемен қаласында жасалған рентгеннен соң пневмоторакс диагнозы қойылған. Бұл — өкпе мен кеуде қабырғасының арасына ауа жиналатын қауіпті жағдай.
Дәрігерлер шұғыл түрде плевра қуысына пункция жасап, шамамен 1,5 литр ауаны шығарған.
Зардап шеккен әйел процедура жүргізген маманға қатысты арыз түсірді. Оның туыстары бұл қадамның басты мақсаты — жағдайға қоғам назарын аударып, басқа пациенттерді осындай қауіп-қатерден алдын ала ескерту екенін айтады.