Ресми мәліметке сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев жақында омыртқасына ота жасатқан. Осыған байланысты оған дауыс беру құқығын тұрғылықты жері бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.
Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елдегі Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Бұл — Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламентіне депутаттарды сайлауға арналған алғашқы дауыс беру.