Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың ең көп дауысын «Әділет» партиясы – 71,17% жинаған.
Одан кейінгі орындарда:
«Ауыл» партиясы – 6,26%;
Respublica – 5,56%;
«Ақ жол» партиясы – 5,21%;
ЖСДП – 5,11%.
Ал Қазақстан Халық партиясы 3,10%, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,7% дауыс жинаған. «Барлығына қарсымын» деген таңдау 2,51% болды.
Осылайша, алдын ала нәтиже бойынша Құрылтай құрамына бес партия өтуі мүмкін. Заңнамаға сәйкес, партияның Құрылтайға өтуі үшін кемінде 5% дауыс жинауы қажет.
Бұған дейін сайлау аяқталғаннан кейін бірнеше экзитпол нәтижесі де жарияланған болатын. Мысалы, Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасында «Әділет» 71,8%, «Ауыл» 6,4%, Respublica 5,4%, ЖСДП 5,2%, «Ақ жол» 5,1% көрсеткішке ие болған.
Айта кетейік, экзитпол нәтижелері мен ОСК-ның алдын ала деректері түпкілікті нәтиже болып саналмайды. Құрылтай сайлауының ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.