weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Әділет» партиясы сайлаушыларға алғыс айтты

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай сайлауында партияға қолдау білдірген азаматтарға үндеу жасады. Ол сайлаушылардың сенімі үшін алғыс айтып, халықтың ұсыныстары алдағы жұмыста ескерілетінін жеткізді. Newsroom.kz хабарлайды.

«Әділет» партиясы сайлаушыларға алғыс айтты

Айбек Дәдебай сайлауалды науқан барысында партия өкілдері еліміздің әр өңірін аралап, тұрғындармен кездескенін айтты. Кездесулер кезінде азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстары тыңдалған.

«Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі», – деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, сайлау ашық әрі бәсекелі жағдайда өткен.

«Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік», – деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасы сайлаушылардың сенімін ақтау үшін алдағы уақытта белсенді жұмыс жүргізетінін атап өтті.

«Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!» – деді ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→