weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылорда қыста жылусыз қалмай ма? Жылу қазандықтың жай-күйі қандай?

Қызылорда облысында алдағы 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл өңірдің жылу маусымына дайындалуына 5,5 млрд теңге қарастырылған.Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына Қызылорда облысының әкімдігі жауап берді.

Қызылорда қыста жылусыз қалмай ма? Жылу қазандықтың жай-күйі қандай?
Фото: Ашық деректер көзі

Ресми мәлімет бойынша  «Қызылордажылуэлектрорталығының» жабдықтарына аударылған. Мұнда №6 және №9 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу, №3 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар №8, №9 және №17 АБМҚ-ға күрделі жөндеу жасалып, Оңтүстік жылу орталығындағы №1-4 қазандықтар ағымдағы жөндеуден өтуде.

 Жалпы облыс бойынша әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерде 970 автономды қазандық жұмыс істейді. Ресми мәліметте олардың дайындығы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылған.

 Бірақ мәселе тек қазандықтардың өзінде емес. Қызылорда қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 40 пайыз. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 204 шақырымды құрайды. Оның 36 шақырымы – магистральдық, 168 шақырымы – кварталішілік желілер. Яғни жаңа станция жылу өндіру мәселесін біршама жеңілдеткенімен, оны тұрғындардың үйіне жеткізетін желілердің жағдайы әлі де маңызды сұрақ болып отыр.

Жаңа жылу орталығы мәселені шеше ме?

 Қызылордадағы жаңа жылу-электр орталығының толық іске қосылуы өңірдің энергетикалық жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі болды. Жаңа станцияның қуаттылығы – 240 МВт электр энергиясы және 277 Гкал жылу энергиясы. Қазір онда 240 МВт электр энергиясы өндіріліп, төрт су жылыту қазандығы іске қосылған. Алдағы жылыту маусымында қала тұрғындарын жаңа станция арқылы жылумен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жаңа станцияның іске қосылуы жылу өндіру қуатын арттырғанымен, мамандардың өздері қаланың ескі жылу жүйесінде проблема бар екенін жасырмайды. «Қызылордажылуэлектрорталығы» нысандарындағы жылу энергия көздерінің тозуы 85 пайызға, ал жылу желілерінің тозуы 40 пайызға жеткен.

Сондықтан биылғы жылыту маусымының негізгі сынағы – жаңа станцияның қанша жылу өндіретінінде ғана емес, сол жылудың қаладағы тозған желілер арқылы тұтынушыға қаншалықты тұрақты жеткізілетінінде.

Өткен 2025-2026 жылғы жылыту маусымы ресми мәлімет бойынша штаттық режимде өтіп, өңірде жылу беру бойынша ірі апат тіркелмеген. Маусым барысында 1079 әлеуметтік нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты үй жылумен қамтылған. Ал биыл орталық жылу жүйесіне қосылған үйлердің саны 943-ке дейін өскен.

Қысқа дайындық кезінде тағы бір маңызды мәселе – отын қоры. Облыстың әлеуметтік нысандары мен жылу жүйесіне қажетті көмір көлемі 111 мың тонна деп жоспарланған. Қатты отын қоры бекітілген кестеге сәйкес жеткізілуде.

Айта кетейік, Қызылордада ауыз сумен қамтудың 100 пайызға жетуімен қатар, алдағы қысқа дайындыққа 5,5 млрд теңге бөлініп, жаңа жылу-электр орталығы іске қосылды. Яғни өңірде биыл су мәселесімен қатар жылу және энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге басымдық беріліп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→