weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда «қылмыстық іс қозғаймыз» деп қорқытып, 15 млн теңге талап еткен

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) міндетті медициналық сақтандыру саласындағы қаражаттың жымқырылуына қарсы жұмыстар күшейген тұста алаяқтардың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Түркістанда «қылмыстық іс қозғаймыз» деп қорқытып, 15 млн теңге талап еткен
Фото:ашық дереккөз

ҚМА мәліметінше, алаяқтар өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, медициналық ұйым басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, мәселені «ақшаға шешуді» ұсынған.

Осындай жағдай Түркістан облысында тіркелді. Екі адам Агенттік қызметкері болып танысып, медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге алуға әрекет жасаған. Олар 5 млн теңгені алып үлгеріп, кейін тағы 10 млн теңге талап еткен.

8 тамызда күдіктілерді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, ақша алу кезінде ұстады.

Сот шешімімен екі күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

ҚМА азаматтарды мұндай талаптарға сенбеуге шақырады. Ақша беруді талап ету, жауапкершілікке тартумен қорқыту немесе жазадан құтқаруға уәде беру — заңсыз әрекет.

Мұндай фактілер туралы Агенттіктің 1458 Call-орталығына дереу хабарлау қажет.

Сонымен қатар ҚМА азаматтарды шақыру тек өндірістегі сотқа дейінгі тергеу аясында және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген ресми шақырту негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Агенттік азаматтарды қырағы болып, алаяқтардың арандатуы мен түрлі айла-шарғыларына алданбауға шақырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→