TÜİK мәліметінше, есепті кезеңде Түркия түркі мемлекеттеріне шамамен 5 млрд доллардың тауарлары мен қызметтерін экспорттаған. Ал аталған елдерден Түркияға импорт көлемі 4,4 млрд долларды құрады. Осылайша, жылдың алғашқы жартысында Түркия пайдасына 614,9 млн доллар көлемінде оң сауда сальдосы қалыптасты.
Түркияның түркі мемлекеттерімен сауда көлемі бойынша Қазақстан көш бастады — 1,5 млрд доллар. Одан кейін Әзербайжан — 1,4 млрд доллар, Өзбекстан — 945,6 млн доллар, Қырғызстан — 594,4 млн доллар және Түрікменстан — 83,6 млн доллар.
Анкара мен Баку арасындағы экономикалық ынтымақтастық аясында TÜİK екі елдің өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетуге бағытталған 110 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарының бекітілгенін атап өтті. Құжат сауда мен өнеркәсіптен бастап инвестиция, құрылыс, көлік және энергетика салаларына дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды.
Тараптар екі ел арасындағы жылдық тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.