Оқиға 2 тамызда болған. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бұрынғы әйелін кездесуге шақырып, кейін оның үстіне қышқыл шашқан. Осыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, сол күні Алматы қаласында ұстаған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, дене жарақаттарымен жергілікті тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты нақтылау үшін өңірлік Денсаулық сақтау басқармасына сауал жолданды.