weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 17:39 / Admin / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаевтың 18 жасқа толған күні оның мансабындағы ең маңызды белестердің біріне айналды. Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы енді ресми түрде лондондық «Челси» ойыншысы саналады және Англия Премьер-лигасында клуб сапында алаңға шығуға құқылы, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанды
Фото: ашық дереккөзінен

Қазақстандық футбол жанкүйерлері көптен күткен күн де келді. 12 тамызда Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челсиге» ресми түрде қосылды. Бұған дейін оның Лондон клубына ауысуы белгілі болғанымен, кәмелет жасына толмағандықтан, трансфердің толық жүзеге асуы кейінге қалдырылған еді.

Енді бұл кезең артта қалды. Сәтпаевтың жасы 18-ге толғаннан кейін футбол статистикасына арналған Transfermarkt, Flashscore және Sofascore платформалары да оның клубын «Қайраттан» «Челсиге» ауыстырды. Осылайша қазақстандық ойыншының жаңа командасы ресми түрде өзгерді.

Бұл трансфердің тарихы 2025 жылдың ақпанында басталған. Сол кезде «Қайрат» Сәтпаевтың ағылшын клубына ауысатынын хабарлаған болатын. Алайда футболшы жаңа командасына бірден аттанған жоқ. Келісім бойынша ол 18 жасқа толғанға дейін Алматы клубында өнер көрсетуі керек еді.

Сәтпаев үшін бұл жай ғана клуб ауыстыру емес. Ол енді әлемдегі ең танымал футбол чемпионаттарының бірінде ойнауға мүмкіндік алған қазақстандық футболшыға айналды. Әсіресе оның жасы мен осы деңгейге ерте жетуі отандық футбол үшін ерекше назар аударарлық.

Жас ойыншының «Челсиге» ауысуының қаржылық құны да аз емес. Әртүрлі дереккөздер трансфер сомасын 2,4–4 миллион еуро аралығында бағалайды. Бұл Қазақстан футболы тарихындағы жас ойыншыға жасалған ең елеулі трансферлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→