weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 13:22 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус өртенді: ішінде қарттар мен балалар болған

БҚО-да Орал-Қаратөбе бағытымен келе жатқан автобус өртенді. Оқиға Самара–Шымкент тас жолының Теректі ауданы аумағында болған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус өртенді: ішінде қарттар мен балалар болған
Фото: видеодан скрин

24.kz мәліметіне сәйкес, өрт кезінде автобуста 37 жолаушы болған. Олардың арасында балалар мен қарт адамдар да бар. Жолаушылар автобус ішінен өз бетімен эвакуацияланған.

Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сөндірді. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 арнайы техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

«Бұл Оралдан Қаратөбеге қатынайтын автобус. Әрең шығып үлгердік», – деді жолаушылардың бірі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→